- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Химия мамандығының 1 курс магистранттары Барнаул қаласындағы (Ресей) Алтай мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті химия кафедрасының 1 курс магистранттары Дягилева Виктория, Сайлаубеков Айдос, Қырықпаева Галима, Гаврикова Дарья, Тонышева Кристина Алтай мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдамада олар диссертация тақырыбы бойынша ресейлік әдебиеттерге шолу жасап, мәліметтер жинақтады, шетелдік жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесімен танысты, химия курсын тыңдады. Тағылымдамадан өту туралы құжат – сертификаттарға ие болды.
– Бізге дәріс оқып, сабақ жүргізген оқытушылардың білімі мен біліктілігіне, білім алушыларға деген ерекше ықыластарына ризамыз, – дейді Айдос Сайлаубеков.
Галима Қырықпаева: «Шетелдік ЖОО білім берудің ерекшеліктерін саралауда, тәжірибе алмасуда, өзіңнің біліктілігіңді жетілдіруде мұндай тағылымдаманың берері мол. Сонымен қатар, дүниетанымың мен көзқарасың кеңейеді. Жер көресің, ел көресің, өзіңді көрсетесің» дейді.
Сән Оразова
Химия кафедрасының аға оқытушысы