Оқушылардың шығармашылық үйінде 2017-2018 оқу жылындағы мұғалімдер мен педагог-ұйымдастырушылардың жұмысы қорытындыланған дәстүрлі қалалық слет болып өтті.
Слетты Өскемен қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Дмитрий Журавлев ашып, қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі. Бұдан соң «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасова сөз алды.
ШҚМУ магистранты Руслан Исраилов «Ең нәтижелі педагог-ұйымдастырушы-2018» аталымында 1 орын алды.
Жеңімпазды құттықтап, алдағы уақытта да жетістіктерге жете беруін тілейміз!
Баспасөз қызметі