28 наурызда №29 орта мектеп базасында (Өскемен қ.) «Еліміздегі білім жүйесін жаңғырту жағдайында білім беру үрдісі қатысушыларының субъективтік ұстанымдары» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Конференция аясында «Ең үздік сынып жетекшісі» секциясында ШҚМУ магистранты, М. Әуезов атындағы №17 орта мектептің дене шынықтыру мұғалімі Руслан Исраилов тәрбие жұмысы жөніндегі директорлардың орынбасарлары, мұғалімдер, ұйымдастырушы-педагогтар арасында шеберлік сыныбын өткізді.
Мұнымен қоса, Руслан Исраилов «Мектеп оқушылары тұлғаларын әлеуметтендірудегі мектептік өзін-өзі басқарудың рөлі» тақырыбы бойынша баяндама және презентация жасады, оқушылармен тәрбие жұмысы саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Баспасөз қызметі