Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ магистрі Дэниел Бэлласт 20 жылдан соң университетімізге келді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да қазақ филологиясының магистрі дәрежесін және Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қолынан диплом алған Дэниел Бэлласт ШҚМУ-да болды.

Пурдью университетінің (АҚШ) түлегі және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ магистратурасының түлегі, ҚАЕУ-дің халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Дэниел Бэлласт 1999 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да қазақ филологиясының магистрі дәрежесін алған. Дипломды Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев өз қолымен табыстаған. Осы сәт бейнеленген фотосурет С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Назарбаевтану» орталығында тұр.  

Д. Бэлласт негізі қаланғаннан бері ҚАЕУ-дің халықаралық білім бағдарламаларын үйлестіретін вице-президенті болып табылады. Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру саласының құрметті еңбеккері» белгісімен марапатталған.

ҚАЕУ-дің 25 жылдығында ол ШҚМУ-ға кеп, Е. Мәмбетқазиев атындағы химия дәрісханасының ашылуына және «Іргелі ғылыми зерттеулер: химия білімі мен ғылымындағы инновациялар» халықаралық конференциясына қатысты.

ШҚМУ-дағы әріптестерімен жолыққан Дэниел Бэлласт олармен емен-жарқын әңгімелесіп, 20 жыл бұрынғы сәттерді еске алысты.

Америка азаматы Дэниел  Белласт мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдіріп қана қоймай, қазақ филологиясының магистрі дәрежесіне де қол жеткізді!  

1993 жылы Өскеменге келген ол ШҚМУ-да сабақ бере бастайды. Магистратураға түскен Дэн ШҚМУ профессоры Фарзана Рафикқызы Ахметжанованың жетекшілігімен «Қазақ-ағылшын тілдік байланыстары» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысады. Еңбек «үздікке» бағаланған.

– Менің Шығыс Қазақстандағы жұмысым Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінен басталды. Мен ШҚМУ-дың бас ғимаратында еңбек еттім, магистратурасында оқып, қазақ филологиясының магистрі дәрежесін алып шықтым, ШҚМУ жатақханасында тұрдым. Мұның бәрі мен үшін ерекше сағынышты естеліктер... – деп еске алады Дэн Бэлласт. 

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo