Өскеменде «Алау-2019» жастар форумы өтіп, қала әкімінің жыл сайынғы сыйлығы табысталды.
Салтанатты шара «Serebro» мейрамханасында өтті.
Қала әкімі Жақсылық Омар жеңімпаздарға мына 7 аталым бойынша жүлде табыстады: «Үздік оқушы», «Студенттік көшбасшы», «Үздік жас педагог», «Жас ғалым», «Үздік жас дәрігер», «Жас кәсіпкер», «Үздік өндіріс маманы».
Жыл қорытындысы бойынша «Үздік жас педагог» аталымы №17 орта мектептің мұғалімі Руслан Исраиловқа бұйырды. Ол – ШҚМУ түлегі, педагогика ғылымының магистрі!
Түлегімізді лайықты жүлдесімен құттықтаймыз!
Баспасөз қызметі