Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ мамандары цифровизациялау бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын таныстырды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мамандары "Білім беру саласындағы цифрландыру" көрмесінде "Цифрлық гуманитаристика" және "Компьютерлік меxатроника" бағдарламаларын таныстырды. 

ШҚМУ базасында өткен тамыз кеңесінде білім беруді дамытудың жаңа мүмкіндіктері қаралды. 

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы Шығыс Қазақстан облысының білім беру саласының дамуының жаңа мүмкіншіліктері білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде қарастырылды.

24 тамызында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында Шығыс Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлерінің «Төртінші өндірістік төңкеріс шартындағы адам капиталы» деп аталған тамыз конференциясының пленарлық отрысы болып өтті. Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары М. Ашимбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов, Кембридж және ресей университеттерінің қызметкерлері, білім аясында еңбек ететін шетелдік компаниялардың өкілдері және облысымыздың педагогтары қатысты.

«Білім берудегі цифрландыру» көрмесі шеңберінде Қазақстан тарихы мен компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы конференция қатысушыларына «Сандық гуманитаристика» және «Компьютерлік мехатроника» жаңа білім бер бағдарламаларының тұсауын кесті. Бұл білім беру бағдарламалары 2018-2019 оқу жылынан бастап кадрларды даярлауды бастамақ. Аталмыш эксперименталды бағдарламалар ҚР БҒМ – мен мақұлданып, ШҚО әкімдігі тарапынан алғашқы студенттерге бөлінген білім гранттары түрінде қолдау тауып отыр. Жалпы, 2018 жылдың басынан университет 17 жаңа білім беру бағдарламаларына лицензия алды. Олардың барлығы төртінші өндірістік революция жағдайында жаңа педагогикалық кадрларды даярлау және адам капиталын дамытуға мақсатталған.

«Сандық гуманитаристика» - IT–технологиялар, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың әдісі мен тәжірибесін біріктіретін зерттеулердің пәнаралық облысы болып табылады. «Рухани жаңғыру» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде аталмыш білім беру бағдарламалары бірден екі міндетті шешуге -  ақпараттық технологиялар құралдарын меңгерген жаңа форматтағы «гуманитари» мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Мұның барлығы аймағымыздың бай тарихи-мәдени мұрасын сақтап, байыта түсуге зор мүмкіндік береді.

«Компьютерлік мехатроника» білім беру бағдарламасының негізгі мазмұны кадрларды даярлауда Индустрия 4.0–ді ендіруге мақсатталған. Көрмеде ШҚМУ-ің компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының студенттері көпфункционалды робототехникалық құрылғылардың мүмкіншіліктерімен тамыз педагогикалық кеңес қатысушыларын таныстырды. 

Бағдарламаның өзіне тән ерекшелігі оның оқу жоспарында қарастырылған электрондық және микропроцессорлық техника, роботтарды компьютерлік үлгілеу арқылы заманауи программалау тілдеріне қатысты пәндердің болуы. Студенттің оқу пәні қатарында роботтың «миі» болып саналатын, сигналдарды өңдейтін және шешім қабылдайтын көптеген түрлі датчиктерді меңгеру де қарастырылған.

Көптеген «болашақ» мамандықтарға сұранысы көп техникалық көру, жасанды интеллект саласында құзіреттіліктер осы бағдарламада негізінде қалыптасады. Көрме кезінде кафедра оқытушылары мен студенттердің жасап шыққан өнімдеріне көптеген білім бөлімшелерінің мамандары, оқытушылар және мектеп, колледж техникалық қызметкерлері қызығушылық танытты. Білім беру бағдарламасы жүзеге асыру барысында жетекші IT-саласындағы компаниялар-қауымдастықтарымен тығыз байланыста бірлесіп жұмыс жасау жоспарланған.

Жантасова Ж., КҮжАТ кафедрасының меңгерушісі

Аубакирова Ж., ҚТ кафедрасының меңгерушісі м.а.

Қазақ
× You found a Typo