- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
27 қаңтарда ШҚО Білім басқармасы «Өскемен қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабиенті» КММ Ресурстық орталық негізінде «Есту қабілеті бұзылған балалармен түзеу жұмыстарының технологиясы» атты тақырыпта практикалық семинар өтті.
Семинарға ШҚО психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің мамандары, Өскемен, Семей, Зырян қалаларының арнайы түзеу мекемелерінің сурдопедагогтары, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ психологиялық және коррекциялық педагогика кафедрасының ППС мамандары, мемлекеттік сала өкілдері қатысты.
Практикалық семинардың мақсаты – есту қабілеті бұзылған балалармен түзету жұмыстарын ұйымдастыруда заманауи теория мен практиканы ұштастырып қолдану. Семинар барысында облыс сурдопедагогтары КППК мамандарының өзекті сұрақтары бойынша өздерінің тәжірибелерімен бөлісті:
Практикалық семинардың қортындысы бойынша, ШҚО КППК мамандарына есту қабілеті бұзылған балалармен жұмыс жасау негізінде әдістемелік ұсыныстар құрастырады.