Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ мамандары есту қабілеті бұзылған балалармен жұмыс жасау негізінде әдістемелік ұсыныстар құрастыруға қатысады

27 қаңтарда ШҚО Білім басқармасы «Өскемен қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабиенті» КММ Ресурстық орталық негізінде «Есту қабілеті бұзылған балалармен түзеу жұмыстарының технологиясы» атты тақырыпта практикалық семинар өтті.

Семинарға ШҚО психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің мамандары, Өскемен, Семей, Зырян қалаларының арнайы түзеу мекемелерінің сурдопедагогтары, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ психологиялық және коррекциялық педагогика кафедрасының ППС мамандары, мемлекеттік сала өкілдері қатысты.

Практикалық семинардың мақсаты – есту қабілеті бұзылған балалармен түзету жұмыстарын ұйымдастыруда заманауи теория мен практиканы ұштастырып қолдану. Семинар барысында облыс сурдопедагогтары КППК мамандарының өзекті сұрақтары бойынша өздерінің тәжірибелерімен бөлісті:

  • Есту қабілеті бұзылған балалармен психологиялық-педагогикалық диагностика өткізу;
  • Есту функциясының төмендеу деңгейіне байланысты түзеу жұмыстарының өткізу технологиясы;
  • Кохлеарлы имплантанты бар балалармен жүргізілетін жұмыстың кезеңдері мен технологиясы.

Практикалық семинардың қортындысы бойынша, ШҚО КППК мамандарына есту қабілеті бұзылған балалармен жұмыс жасау негізінде әдістемелік ұсыныстар құрастырады.

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo