Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ мамандары қазақ жазуына қатысты оқу құралын шығарды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Берел» баспасынан Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының мамандары Айжан Қартаева, Бердібек Бияров, Айгүл Әлімхан, Аида Айтмұқашованың «Қазақ жазуының тарихы және латын графикасы» оқу құралы жарық көрді.

Оқу құралында латын графикасы негізіндегі әліпбиге көшудің ғылыми-теориялық, практикалық мәселелері талданған. Алдымен қазақ жазуының тарихына шолу жасалып, әр әліпбидің құрамы мен емлесі сараланған. Белгілі тілші ғалымдар ұсынған әліпби жобалары талданып, ұлттық әліпби жобасын жасау талаптары мен ұстанымдары анықталған.

Соңында берілген жаттығулар көркем әдебиеттен, шешендік қорынан, әдет-ғұрып, салт-сананы көрсететін нұсқалардан, басқа да тіл қазынасынан іріктеліп алынған. Құрал тіл мамандарына, мектеп ұстаздарына, журналистерге, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға, латыннегізді қазақ жазуын үйренушілерге арналады.

«Қазақ жазуы және латын графикасы» орталығы

Қазақ
× You found a Typo