С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Қазақ жазуы және латын графикасы» орталығының мамандары «Латыннегізді қазақ жазуы» дөңгелек үстеліне қатысты.
Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында өткен «Латыннегізді қазақ жазуы» дөңгелек үстелінде ШҚМУ-дың «Қазақ жазуы және латын графикасы» орталығының жетекшісі, филология ғылымының кандидаты А. Әлімхан баяндама жасады.
Мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арналған шарада латын графикасына ауысудың маңызы, қазақ жазуының тарихы, латыннегізді ұлттық әліпбидің емле ережелері қаралып, талданды. Мұғалімдер мен оқушылар латын графикасына ауысуға қатысты өздерін толғандырып жүрген мәселеге қатысты сауалдарына жауап алды.
«Қазақ жазуы және латын графикасы» орталығы