Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ маманы Түркия университетінде дәріс оқыды

Біліктілікті растау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, ШҚМУ доценті Келгембаева Б.Б., оқытушылармен алмасу бағдарламасы шеңберінде, халықаралық Мевлан стипендиялық бағдарламасының грантын жеңіп алып, МУШ Алпарслан (Түркия) университетінде қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихы бойынша дәріс оқыды. 

Академиялық ұтқырлық Болон үрдісінің негізгі бағытының бірі болып табылады. Біздің жоо-да академиялық ұтқырлық халықаралық шәкіртақылық бағдарламалар мен серіктес-университеттермен ынтымақтастық арқылы ойдағыдай іске асуда.

Маған халықаралық шәкіртақылық Мевлана бағдарламасының шәкіртақысын жеңіп алу сәті түсті. Мевлана бағдарламасының мақсаты Түркияның және басқа да елдердің жоғарғы оқу орындарының студенттерімен және оқытушыларымен алмасу болып табылады. Студенттердің бір немесе екі семестр көлемінде шетелде білім алу мүмкіндіктері бар. Оқытушылар 1 жұмадан 3 айға дейінгі аралықта шетелде дәріс оқи алады. Бұл бағдарлама бойынша әр елдің студенттері өздерінің білім дережесін көтере алады, ал оқытушылар жаңа дағдыларға иеленіп, кәсіби құзыреттілігін дамытып, өзінің қызметі өрісінде халықаралық байланыс орнатуына болады.

Биылғы жылдың наурыз айында мен Түркияның Муш, Елазиг дегендей керемет қалаларына бардым. Мен МУШ Алпарслан университетінің жаратылыстану ғылымдары,тіл және әдебиеті факультетінде жұмыс істедім. Қазақ мәдениеті және әдебиетінің тарихы жайында дәріс оқыдым. Абай мен Шәкәрімнің айтуға тұрарлық, таңғажайып туындыларын, қазақ елінің бай рухани мәдениеті жайында айтуға мүмкіндік болғандығы үшін, өзімді елімнің патриоты және бақытты адам сезінемін.

МУШ Алпарслан университеті – Түркияның мемлекеттік көпсалалы университеті. Дайындық осы бағыттар бойынша жүргізіледі: Гуманитарлық ғылым және өнер, іскерлік және әлеуметтік ғылым, медициналық ғылым, техникалық ғылым, технология және т.б. Университет 2007 жылы қаланды. 12-13 ғғ. халық қаһарманы Алп Арслан атына аталған. Контингенті – 10 мыңнан астам студенттер. Жоо үлкен кампуста орналасқан, заманауи инфрақұрылымдармен жабдықталған.

Іс сапар барысында оқыту жұмысы бойынша проректоры Ибрагимов Эрдоганмен, ғылыми жұмысы жөніндегі проректоры Абдуллатиф Тюзермен және факультет декандарымен кездестім. Кездесу барысында университет әкімшілігі екідипломды білім беруді дамытуға қызығушылықтарын білдіртті.

Элазиг қаласында Фырат Университетінің негізінде магистрлік диссертация қорғауына қатыстым. Сол жерде ф.ғ.д., профессор Эсма Шемшекпен кездесу өтті. Эсма Шемшек- фольклористика сферасында алдыңғы қатарлы ғалымдардың бірі болып табылады. Ол кісі фольклористика мәселесі бойынша ғылыми зерттеу жүргізуге серіктестік ұсынысты қуанышпен қабыл алды.

 Іс сапар соңында ф.ғ.д., университет ректоры Фехти Ахмет Полаттың қабылдауында болдым. Ректор салтанатты түрде маған ғылыми-педагогикалық тәжірибенің өтуі жөнінде сертификат табыстады. Біздің жоо-ның ректоры Ә. Қуандықовқа өзінің құрметін және алғысын білдіріп, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-не жоспарланған сапары жайында мәлімдеді.

Менің университет қабырғаларында болғанымды және оқылған дәрістердің мазмұны жоо-ның сайтында жарияланды.

Біздің университет әкімшілігіне және Түркиядағы әріспестеріме шетелде оқытуға берілген мүмкіндік үшін алғысымды білдіремін.

Келгембаева Б., Біліктілікті растау орталығының директоры

Қазақ
× You found a Typo