Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің маманы А. Кеңесханов «Ұланбасы-2018» қалалық конкурсына қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты.
Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұланбасылар қызметін ширату және қолдау мақсатымен Оқушылардың шығармашылық сарайында өтті.
Алғаш рет өткен конкурсқа 21 ұланбасы қатысты. Барлығы да қатарластарын артынан ерте алатын, ұйымдастыру, көпшілікті басқару қабілеттері бар жастар болып шықты. Олар портфолиоларын ұсынып, бейнефильмдерін көрсетті, эссе жазды, шығармашылық қабілеттерін паш етті.
Бас жүлдені №1 мектептің оқушысы Нұрым Қалиақпарова жеңіп алды.
Баспасөз қызметі