С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті мектеп оқушыларына арналаған облыстық олимпиада ұйымдастырды.
Жаратылыстану және технологиялар факультетінің математика кафедрасы мектеп оқушыларына арналаған облыстық деңгейдегі олимпиада ұйымдастырды.
Олимпиадаға қатысушы оқушылар мен олардың жетекшілеріне С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертханасына экскурссия жүргізілді.
Зертхананың ғылыми қызметкері Нұрғамит Қантай заманауи құрал-жабдықтармен және атқарылып жатқан ғылыми жобаларымен таныстырып, оқушылардың ғылымға деген қызығушылықтарының артуына түрткі болды.
Математика кафедрасы