Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ мектеп түлектері арасында олимпиада өткізді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен облыс мектеп түлектері арасында Қазақстан тарихы бойынша олимпиада өтті.

Олимпиада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының міндеттерін жүзеге асыруға және Шығыс Қазақстан облысының құрылуына 90 жыл толуына байланысты ұйымдастырылды.

Қатысушылар олимпиада талаптары бойынша жоғары білімдерін көрсетіп, бірнеше айналымда бақ сынасты. Байқау барысында олар «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас» тақырыбында ой-толғау жазып, «Өлке тарихының ашылмаған парақтары» тақырыбы бойынша ғылыми жоба қорғады, тест тапсырды.

Олимпиада нәтижесі бойынша 1 орынға Риддер қаласы «Шаңырақ» мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Умида Косимова, 2 орынға Зайсан қаласы М. Ломоносов атындағы мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Әлішер Асылбекұлы, 3 орынға Жамбыл атындағы облыстық гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Ертай Біләлов ие болды.

Бірнеше оқушы түрлі номинациялар бойынша марапатталып, алғыс хаттар алды.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo