- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Алтай мемлекеттік университеті (Барнаул қаласы, Ресей) арасында академиялық ынтымақтастық туралы шарт жасалды.
ЖОО-лар арасындағы шартқа ШҚМУ ректоры М.Ә.Төлеген мен АМУ ректоры С.В.Землюков қол қойды.
Тараптар ғылым және білім саласындағы дамуды іске асыруға арналған қажетті қадамдар жасауға уағдаласты.
Шартта ынтымақтастықтың келесі түрлері қарастырылған: консультациялар, дәрістер және бірлескен жобалар мақсатындағы қызметкерлер іссапарлары, студенттермен, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларымен алмасу, тағлымдамадан, іс-тәжірибеден өту және халықаралық бағдарламаларға, бірлескен зерттеулерге, семинарларға, кездесулерге, конференцияларға, шеберлік сыныптарына қатысу.
Мұнымен қоса, қос университет арасында жарияланымдармен, оқулықтармен, мерзімдік әдебиеттермен алмасу көзделуде.
Баспасөз қызметі