Зырян қаласында «Заңмен қақтығыс тәуекелі бар жастардың жүріс-тұрысын кешенді алдын алу және оған әрекет ету» семинар-тренингі өтті.
Жинақталған және берілген тәжірибе С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Зияткер» орталығы мен БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының 4 жылдық ынтымақтастығының нәтижесі болып табылады.
Семинарға шақырылған сарапшы-тренер, психология және коррекциялық педагогика кафедрасының профессоры, «Зияткер» орталығының қызметкері И.К. Мацкевич заңмен қақтығысы бар балалармен жұмыс істеудің халықаралық стандарттары туралы айтты.
Тренинг кейс-менеджментті қолдану арқылы балалармен және жастармен жұмыс істеудің бірыңғай стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік берді. Бала кейсімен жұмыс істеу баланың түрлі себептермен қанағаттандырылмайтын қажеттілігін анықтауға, оны салауатты әлеуметтік ортаға қайта тартуға жол ашады.
Семинарды «Антарес» қоғамдық бірлестігі облыс жобасы аясында өткізді.
ШҚМУ мен «Антарес» ынтымақтастығы жалғаса бермек, енді семинаров-тренингтер өзге аудандарда өтетін болады.
Баспасөз қызметі