С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Садриддин Айни атындағы Тәжік мемлекеттік педагогикалық университеті (Тәжікстан) ынтымақтастық туралы келісім жасасты.
Тараптар мына бағыттарда ынтымақтаспақ: қызметкерлермен, оқытушылармен, бакалавриат және магистратура студенттерімен алмасу, бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, академиялық кездесулер мен сипозиумдар ұйымдастыру, халықаралық жобаларға бірлесе қатысу, университет басылымдарында мақалаларды, баяндамаларды, өзге ғылыми еңбектерді жариялау.
Сондай-ақ, ғылыми ақпаратпен алмасу, серіктес жоғары оқу орнынан PhD докторанттарға ғылыми жетекшілік жасауға ғалымдарды тарту жоспарлануда.
Келісім 5 жылға арналған.
Баспасөз қызметі