- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Глубокое ауданы №1 Белоусовка орта мектебінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Кәсіби даярлық және біліктілікті арттыру ресурстық орталығымен бірлескен «Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жолдары» облыстық ғылыми-тәжірибелік семинары өтті.
Шараға аудан мектептерінен 30-дан аса мектеп мұғалімі қатысты.
Семинар дәріскері ШҚМУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценті Аида Айтмұқашова «Оқушыларға ғылыми жоба жазғызу: теория, сын, тәжірибе» тақырыбында дәріс оқып, мектеп директоры Мархаббат Кәрібаева «Мектепте ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі» баяндамасын жасады.
Тәжірибелік бөлімде аталмыш мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Меруерт Каканова, Ардақ Тауданбекова шәкірттерді ғылыми жұмысқа баулудың тиімді әдістерін ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті, қатысушыларға практикалық тапсырмалар орындатты.
Сонымен қатар, халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі ғылыми-зерттеу сайыстарының жүлдегерлері – 11 сынып оқушылары А. Бейсенбекова, М. Әмірғалиева ғылыми жоба қорғап, ұстаздар тарапынан жоғары баға алды. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Л. Бугубаева білім беру ұйымының ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша соңғы үш жылдағы жетістіктері жайлы мәлімет берді.
Шара соңында қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы