С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Лоранд Этвёш атындағы университет (Будапешт университеті) өзара түсіністік туралы меморандум жасасты.
Меморандумға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген және Лоранд Этвёш атындағы университет (Будапешт университеті) ректоры Ласло Борхи қол қойды.
Меморандумға сәйкес тараптар білім беру, оқыту, зерттеу және әкімшілік қауымдастық қызметтері салаларындағы академиялық, ғылыми, мәдени байланыстарды кеңейтеді.
Ынтымақтастық зерттеушілермен, оқытушылармен, студенттермен, қызметкерлермен, ғылыми материалдармен алмасуды, жазғы мектептер, бірлескен зерттеулер, бағдарламалар, техникалық көмек пен оқытулар ұйымдастыруды және іскерлік қатынастардың өзге түрлерін қарастырады.
Баспасөз қызметі