ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген Қазақстан және Мажарстан ЖОО-лары ректорларының 1-ші форумы аясында Лоранд Этвеш (Будапешт университеті) атындағы университет ректоры Ласло Борхимен меморандумға қол қойды.
Қазақстан және Мажарстан ЖОО-лары ректорларының 1-ші форумы (Будапешт қаласы) аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген мен Лоранд Этвеш (Будапешт университеті) атындағы университет ректоры Ласло Борхи арасында өзара түсіністік туралы меморандум жасалды.
Меморандум студенттермен, оқытушылармен, қызметкерлермен алмасуды, жазғы мектептерді, бірлескен зерттеулерді өткізуді, студенттерді көшіруді, техникалық оқытуды және т.б. қарастырады.
Мұнымен қоса, Сегед университетінде (Мажарстан) Абай-институтын ашу туралы келісімге қол жеткізілді.
Баспасөз қызметі