3 қазанда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген мен Phd доктор М. Танер Шенгюн (Фырат мемлекеттік университеті, Түркия) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келісім студенттермен және оқытушылармен алмасудың академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыруды, бірлескен ғылыми жобаларға қатысуды және іскерлік әріптестіктің өзге де түрлерін қарастырады.
Баспасөз қызметі