Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ мен Гданьск мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Польшадағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Гданьск мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды.

Кездесуге Помор воеводствосы Маршал басқармасының, Польша экономикалық ынтымақтастық департаментінің өкілдері қатысты.

Құжатқа ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген  және Гданьск университетінің ректоры, профессор Пиотр Степновски қол қойды.

Меморандум академиялық ұтқырлық, бірлескен білім бағдарламалары және өзге бағыттар бойынша қарым-қатынастарды көздейді.

Гданьск университеті – Еуропадағы ірі жоғары оқу орындарының бірі, онда 25 мың студент оқиды, оның 4 мыңы – шетелдіктер.

Білім ордасы – биология, биотехнология, химия, кванттық физика, филология, педагогика, психология, құқық, экономика салалары бойынша Польшадағы үздік университет. 

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo