Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ мен КМТИУ өзара ынтымақтастық туралы уағдаласты

ШҚМУ-ға Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінен (Ақтау қаласы) делегация келді.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген қонақтарды оқу орнының тарихымен және жетістіктерімен таныстырды.

– Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық тәуелсіз агенттік (БСҚА) жасаған 2017 жылғы Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстанның үздік көпбейінді ЖОО-лары арасында 6 орынды алды (Қазақстанның 18 ЖОО-лары арасында), – деп мәлімдеді М.Ә. Төлеген.

Тарихи тұрғыда ЖОО еліміздегі ең мықты үш ЖОО қатарына енеді, 65 жылдық тарихында университет 50 мыңнан астам түлек ұшырды.

– Біз университеттеріміз арасында байланыс орнатқымыз келеді, бізде ортақ ғылым, ортақ жобалар, бағдарламалар, оқулықтар болса екен дейміз. Бүгінде біз өзара емес, бірлесе отырып халықаралық деңгейде шетелдік ЖОО-лармен бәсекелесуіміз керек. Сондықтан бізде бәсекелестік емес, ынтымақтастық болуы тиіс, – деді Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов.

– Делегациялармен алмасуды ұсынамын, – деп қосты кездесуге қатысқан Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Ж. Шаймарданов.

Іскерлік кездесу кезінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген мен КМТИУ ректоры Б.Б. Ахметов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сапар барысында делегация «Назарбаевтану», «Зияткер» ғылыми-білім беру орталықтарында, Біліктілікті растау орталығында, ШҚО білім мұражайында болды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo