Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ мен Коастал Каролина университеті (АҚШ) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

5 шілдеде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлегеннің Коастал Каролина университеті профессорларымен кездесуі «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығында өтті.

Кездесуге әлем әдебиеті кафедрасының доценті Анна Олдфилд, ағылшын тілі кафедрасының доценті Эмма Хоуз, театр кафедрасының доценті Сота Бенжамен және ШҚМУ декандары мен кафедра меңгерушілері қатысты.

Ректор кездесуде үш мейрамның тоғысып тұрғанын назарға алды, олар АҚШ-тың Тәуелсіздік күні (4 шілде), Астана күні (6 шілде), ШҚМУ-дың құрылуының 66 жылдығы (6 шілде). Ол сондай-ақ оқу орнының ерекшелігі, іске асып жатқан бағдарламалар, Шығыстың қасиетті жерлері туралы айтты.

Профессорлар ректорға жылы қабылдауы үшін алғыс білдіріп, АҚШ пен Қазақстанның ортақ тұстары жөнінде айтты, соның бірі – мәселен екі елде де көпұлтты халық тату-тәтті тұрып жатыр.

Анна Олдфилд Шығыс Қазақстан халқы табиғат пен дәстүрге құрметпен қарайтынын бағалап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бірегейлігін атап өтті. Сонымен қатар, Костал Каролина университеті, ондағы бағдарламалар туралы баяндады. Университет 1954 жылы құрылған, бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша оқытады.

Бэн Сота ШҚМУ оқытушылары үшін семинарлар өткізу мүмкіндігі үшін рахмет айтып, ұстаздардың біліктілігіне және іске деген адалдықтарына тәнті болғанын жеткізді.

Эмма Хоуз да Шығыс, Өскемен, университет туралы әсерлерімен бөлісті, ректорға, семинарға қатысушыларға, кездесуді ұйымдастырушыларға ризалығын білдірді.

Ректор екі оқу орнының ғылыми және білім беру бағыттары ұқсас екенін атап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бағытында, академиялық мобильділік, бірлескен білім беру бағдарламалары аясында ынтымақтастықты тереңдетуге ниет танытты.

Кездесу меморандумға қол қоюмен, сыйлықтар алмасумен және естелік фотосуретке түсумен аяқталды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo