Күршім ауданы әкімдігі мен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Құжатқа сәйкес әкімдік жұмыс берушілермен студенттер іс-тәжірибесін ұйымдастыру бойынша шарттардың жасалуына, олардың ары қарай ауыл мектептеріне жұмысқа орналасуына ықпал етеді.
Тараптар жас мамандар сапасын арттыру, түлектерді жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірлескен дөңгелек үстелдер, семинарлар, кездесулер өткізеді, еңбек нарығын бірлесе зерделейді, дуальді оқыту, кәсіби бағдарлау салаларындағы ақпаратпен алмасады.
Әкімдік үздік ауыл түлектеріне педагогикалық мамандықтар бойынша білім гранттарын тағайындау мүмкіндігін де қарастырмақ.
Тараптар өз сайттарында әлеуметтік серіктестік тәжірибесі туралы материалдарды орналастыруға да уағдаласты.
Баспасөз қызметі