- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ мен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті арасында білім беру қызметтерін көрсету саласындағы өзара ынтымақтастық туралы шарт жасалды.
Оған ШҚМУ ректорының міндетін атқарушы Ирина Ровнякова мен Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев қол қойды.
Шарт ғалымдар мен мамандардың күш біріктіруін, зерттеу және оқыту жұмыстары деңгейін арттыруды қарастырады. Ары қарай шарт аясында тараптардың бірлескен жобаларға және бағдарламаларға, конференцияларға, семинарларға, тренингтерге, брифингтерге, көрмелерге, ғылыми жұмыстар байқауларына, олимпиадаларға қатысуын қарастырады.
Мұнымен қоса, тараптар ғалымдармен, идеялармен, ақпаратпен алмасуды, ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізуді іске асырмақ.
Баспасөз қызметі