Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ мен Назарбаев университеті ынтымақтастығының жаңа белесі

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ осы оқу жылынан Назарбаев университетінің мансап және кәсіби бағдар беру орталығымен жұмысты бастады.

Назарбаев университетінің мансап және кәсіби бағдар беру орталығы студенттердің мансабын жоспарлау және дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу бағдарламасын іске қосты. Бұл жобаның мақсаты – НУ-нің мансап орталығының үздік тәжірибесімен танысу, елдің жетекші жоғары оқу орындары арасында тәжірибе алмасу, ынтымақтастық үшін алаң құру.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында университет қызметкерлері қазан айынан келесі жылдың маусымына дейін ай сайын студенттердің мансаптық дағдыларын дамыту және жоғары оқу орындарының мансап орталықтарының тиімді қызметін ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелерге арналған онлайн вебинарларына қатысады.

ШҚМУ-дың Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының қызметкерлері «Еңбек нарығындағы трендтер», «Назарбаев университетінің жұмысқа орналастыру бағдарламасы – «Employability Programm» атты екі вебинарға қатысты. 

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo