С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Нойда халықаралық университеті (Үндістан) өзара түсіністік жөніндегі меморандумына қол қойды.
Меморандум ғылым, білім, маман даярлау салаларындағы ынтымақтастықты көздейді.
Тараптар бірлесе отырып, маман даярлауға, оқытушылар біліктілігін арттыруға, студенттермен алмасуға. оқытушылардың, магистранттар мен докторанттардың тағлымдамасын өткізуге уағадаласты.
Сондай-ақ, өзара конференциялар мен семинарларға қатысу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, инновациялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру, монографиялар, оқулықтар, жинақтар шығару жоспарланып отыр.
Баспасөз қызметі