С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен облыстық дін істері басқармасы ЖОО білім алушылары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу саласында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Меморандумға сәйкес басқарма Дін мәселелерін зерттеу орталығы арқылы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша әдістемелік, ұйымдастырушылық жұмыс жүргізеді, университетте семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізеді.
ШҚМУ ЖОО қызметкерлері мен білім алушылары арасында сауалнама, ақпараттық жұмыс жүргізіп, дін саласындағы, дінаралық, ұлтаралық жағдайды бағалайды.
Құжат 1 жыл мерзімге жасалған.
Баспасөз қызметі