С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы ынтымақтастық меморандумын жасасты.
Мұражай көрме залдарына, солжағалау кешені бойынша, жекелеген нысандар бойынша экскурсиялық қызмет көрсетуді ұйымдастырады.
Тараптар мұражай немесе университет аумақтарында көрмелер, сабақтар, бұқаралық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыруға, бірлескен жобаларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, тренингтерге, брифингтерге, көрмелерге, жазғы мектептерге, экскурсияларға өзара қатысуға уағдаласты.
Өзге ынтымақтастық түрлері – білім мен тәжірибе алмасу, дуальді білім беруге қатысу, мұражайда университет білімгерлерінің іс-тәжірибесін ұйымдастыру.
Меморандум 3 жылға жасалған.
Баспасөз қызметі