С. Аманжолов атындағы ШҚМУ (ректоры М.Ә. Төлеген) және Павлодар мемлекеттік университеті (ректоры А. Нұхұлы) білім беру қызметтерін көрсету саласындағы өзара ынтымақтастық туралы шарт жасасты.
ЖОО-лар басқа тараптың білім алушыларына білім беру қызметтерін көрсетуді міндетіне алады. Бакалавриат, магистратура, докторантура мамандықтарының жекелеген пәндерінен немесе модульдерінен өту мүмкіндігін ұсынады.
Пәндердің атаулары, практикалық және теориялық сағаттар саны, ұзақтығы, бағалау шәкілі, модульдер кестесі, кредиттер саны және өзге мәселелер тараптардың өкілетті құрылымдарымен қосымша шешілетін болады.
Баспасөз қызметі