Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ мен польшалық «Plagiat.pl» плагиатпен күрес жөнінде вебинар ұйымдастырды

Академиялық адалдық – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ құндылықтар жүйесінің маңызды бөлігі. «Академиялық адалдық ережелерінің» нормаларын сақтау мақсатында университет жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Осы бағытта қабылданған шаралардың бір мысалы ретінде Кәсіби дайындық және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы ұйымдастырған «Ғылыми, студенттік жұмыстарды бағалау және плагиатты тексеру әдістемесі» вебинарын атауға болады.

Вебинарды «Plagiat.pl» жауапкершілігі шектеулі қоғамының атқарушы директоры Али Тахмазов (Варшава қ., Польша) өткізді. «Plagiat.pl» 18 жыл бойы ғылыми зерттеулерді тексеру саласында табысты жұмыс істеп келеді, Қазақстанның жетекші университеттерімен тығыз қарым-қатынаста.

Вебинар барысында оқытушылар студенттерді электронды бағалау жүйесінің мақсаттары мен міндеттері, «Plagiat.pl» жасаған плагиатқа қарсы бағдарламаның негізгі функциялары мен алгоритмі туралы толық ақпарат алды.

Қазіргі уақытта С.Аманжолов атындағы ШҚМУ мен «Plagiat.pl» жауапкершілігі шектеулі қоғамы арасында ынтымақтастық келісімін жасау туралы мәселе талқылануда. 

Баспасөз мәлімдемесі

Қазақ
× You found a Typo