Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ мен Ресейлік оқу орны ынтымақтастық келісіміне қол қойды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Ресейдің дене шынықтыру, спорт, жастар және туризм мемлекеттік университеті (Мәскеу қаласы) ынтымақтастық туралы келісім жасады.

Тараптар бірлескен жобаларды іске асыруға, білім ұйымдарына, спорт мектептеріне мамандардың, спортшылардың, бапкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған инновацияларды енгізуге уағдаласты.

Оқу орындары оқытушылармен, ғылыми қызметкерлермен, ақпаратпен алмасу, конференциялар, симпозиумдар, семинарлар өткізу бойынша да келісімге келді.

Мұнымен қоса, екі жақ ғылыми, білім беру, мәдени, әлеуметтік бағдарламалар бойынша бірлескен жобалар әзірлеуді, оның ішінде әлеуметтік әлжуаз топтармен де жұмыс істеуді міндеттеріне алып отыр.

Келісім 2024 жылға дейін әрекет етпек.

Баспасөз қызметі

Фото

https://www.kazembassy.ru/rus/press_centr/novosti/?cid=0&rid=2859

Қазақ
× You found a Typo