С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген мен Аристотель университетінің ректоры Перикл Миткас өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Келісім ғылым-білім саласындағы және маман даярлаудағы ынтымақтастыққа негізделген. Тараптар оқытушылармен, студенттермен алмасу, бірлесе мамандарды дайындау, дәрістер оқу, семинар-конференциялар өткізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу, ғылыми еңбектер шығару бойынша уағдаласты.
Салоник қаласындағы Аристотель университеті 1925 жылы құрылған, ол – Грекияның Афина университетінен кейінгі екінші іргелі жоғары оқу орны.
Баспасөз қызметі