С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжі өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Меморандум оқытушылар біліктілігін арттыруды бірлесе ұйымдастыруды қарастырады, яғни оқытушылармен алмасу, лекциялық курстар оқу, оның ішінде қашықтан дәріс оқу.
Сондай-ақ, бірлескен семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, жобалар мен бағдарламалар өткізу және оқулықтарды, оқу құралдарын, өзге де материалдарды бірлесе жариялау көзделуде.
Баспасөз қызметі