30 қаңтарда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен ШҚО білім басқармасының Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Digital studio базасында алғаш рет ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, кәсіби тәжірибеден өту келісімшартын жасасты.
Екі тарап арасындағы ынтымақтастықтың тақырыбы 2018-2022 жылдарға арналған «Цифрлы Қазақстан» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалар шеңберінде білім беру саласындағы инновациялық технологиялар, талдамалық, бағалау, әдістемелік саясатты бірлесіп қамтамасыз ету, білім беру саласындағы зерттеулер, әдістемелік, жобалау, жаңа технологияларды енгізуге байланысты іс-әрекеттерді үйлестіру және жүзеге асыру болып табылады.
2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан тарихы кафедрасы «Цифрлық гуманитаристика» эксперименттік білім беру бағдарламасында оқытуды жүзеге асыруда. Осы меморандумды іске асыру студенттерге кәсіби тәжірибе базасы мен жаңа білім беру бағдарламаларын ұсынып қана қоймай, студенттерге және оқытушыларға арналған «Digital Studio» орталығына негізделген оқыту семинарларын ұйымдастырып өткізуге, әдістемелік көмек көрсетуге және «Цифрлық гуманитаристика» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білімді кәсіби мамандар қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Дәл осы күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері Жаңа технологиялар орталығының Digital History пәні бойынша бірінші интерактивті сабақтарды бастады.
Фото https://cloud.mail.ru/public/EzHg/rfQnwkJNS
Қазақстан тарихы кафедрасы