25 қазанда, Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған күні (1990 жылы) С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен ШҚО Әділет департаменті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген мен ШҚО Әділет департаментінің басшысы Н.Е. Аңдасов қол қойды.
Меморандум мақсаты – еліміздің құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру және жан-жақты дамыту бойынша өзара іс-қимылды нығайту, құқықтық мәдениетті және ағартушылықты өркендету, заң мамандарын дайындау.
Тараптар ғылыми-зерттеушілік, білім беру, құқық қолдану салаларындағы қарым-қатынасты дамытуды, құқықтық көмекті және тегін заң қызметтерін, насихат жұмыстарын ұйымдастыруды көздеп отыр.
Сондай-ақ, ғылыми ақпаратпен, зияткерлік меншік құқығын сақтауға, тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуге қатысты заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстармен алмасу жоспарлануда.
«Altai jastary» телестудиясында болған ШҚО Әділет департаментінің басшысы Н.Е. Аңдасов «Тілектер кітабына» өз жылы лебізі мен қолтаңбасын қалдырды.
Баспасөз қызметі