Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ мен ШҚО соты меморандум жасасты

Шығыс Қазақстан облыстық соты мен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Құжатқа облыстық соттың төрағасы Н.М. Кайырбеков пен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор  М.Ә.Төлеген қол қойды. 

Меморандумның мақсаты «Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының тұжырымдамасы» міндеттері мен қағидаттарын жан-жақты дамыту және іске асыру бойынша өзара іс-қимылды нығайту саласындағы ынтымақтастық, татуластыру шараларын дамыту, заңгер мамандарын дайындау болып табылады.

Тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер, конференциялар, семинарлар ұйымдастыру, ақпарат алмасу, сот іс-тәжірибесімен таныстыру және т.б. бағыттардағы ынтымақтастықты дамытуға ынталы.

Меморандумға сәйкес университет психологтары облыстық соттың сот отырыстарына қатыспақ.

– ШҚМУ мен облыстық сот былтырдан Сингапур үлгісі бойынша мамандандырылған отбасылық сот құру жобасын іске асыруда. Ол сотта отбасылық жағдайларды психологтар, конфликтологтар шешеді. Мақсат – отбасын сақтау. Статистика бойынша бүгінде ажырасулар саны некелесуден көп, – деді сот төрағасы.

Қылмыстық құқық кафедрасының меңгерушісі Г. Байыркенованың айтуынша, кафедрада оқытушылар күшімен түрлі дауларды құқықтық шешу бойынша «заңгерлік конфликтология» пәні әзірленіп, енгізілген.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo