С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Шығыс Қазақстан облыстық соты арасында Студенттік медиация мектебін дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Меморандум мақсаты – «ҚР Құқықтық саясат тұжырымдамасын» дамыту және іске асыру бойынша өзара іс-қимылды нығайту, татуластыру шараларды дамыту, мамандар даярлау.
Тараптар ШҚМУ-да Студенттік медиация қызметін құруға ниетті. Қызмет тұрғындар арасында медиацияны насихаттауға, білім алушыларға дауларды шешу дағдыларын үйретуге, Өскемен мектептерінің оқушылары арасында медиацияны түсіндіру бойынша волонтерлық жұмысты жүргізуге бағытталған.
Қызметке 1-4 курс студенттері мен оқытушылар, облыстың қазіргі және зейнеткерліктегі судьялары, кәсіби медиаторлар тартылмақ.
Меморандум аясында оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеу, оқытудың интербелсінді әдістерін қолдану, қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша бірлескен курстар әзірлеу, ШҚМУ білім алушыларына облыс соттарында іс-тәжірибеден өтуге септесу жоспарланып отыр.
Баспасөз қызметі