- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ және «Taiburyl» (Астана қ.) қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы шарт жасалды.
Шартқа С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген және «Taiburyl» (Астана қ.) қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы О.А. Құдайбергенов қол қойды.
Қол қойылған құжатпен тараптардың білім беруді қолдау саласындағы, сонымен қатар зияткерлік әлеуетті қолдауға бағытталған жобаларды дамыту бойынша ынтымақтастығы қарастырылған.
Шарт мақсаттары ішінде – дарынды студенттерді, сонымен қатар отандық өнертапқыштар мен ғалымдарды қолдауға арналған сындарлы ұзақмерзімді серіктестік байланыстарды дамытуға септесетін жағдайлар жасау.
Шартқа сәйкес ШҚМУ «Taiburyl» ҚБ-нің білім беруді қолдау бойынша бағдарламаларын насихаттау үшін ақпараттық қолдаумен қамту міндетін алады, өз кезегінде бірлестік ШҚМУ назарына студенттерді және оқытушыларды қолдау бойынша қайырымдылық жобалары туралы ақпаратты жеткізуді міндетіне алады, олар: «Ай сайынғы шәкіртақы», «Білім беру гранттары», «Өз ЖОО-ны қолда», «Дарындыларды іздеу», «Қонақ дәрістері» және басқалар.
Шарт 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді.
Баспасөз қызметі