С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Медицина ғылымдарының университеті (Түркия) өзара түсіністік меморандумын жасасты.
Мүдделер қатарында студенттермен алмасудан, шетелдік курстардан тұратын академиялық бағдарламалар бар.
Тараптар бірлескен зерттеулер жүргізуге, оқытушылармен, ақпаратпен, кітапхана басылымдарымен алмасуға, оқыту іс-шараларын өткізуге келісті.
Сондай-ақ, үздіксіз оқыту, білім бағдарламаларын іске асыру бойынша әріптестік орнату, бірлескен оқу бағдарламаларын әзірлеу, тағылымдамалар, симпозиумдар, кездесулер, конференциялар, семинарлар ұйымдастыру көзделуде.
Мұнымен қоса, медицина саласындағы ғылыми қызметкерлердің академиялық ұтқырлықтарына септесу, қысқамерзімді зертханалық және өзге де зерттеулер өткізу қарастырылып отыр.
Меморандум 6 жыл әрекет етеді.
Баспасөз қызметі