Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери бөлімі мен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Қабанбай батыр атындағы әскери кафедрасы («Психологиялық жұмысты ұйымдастыру» мамандығы) арасында меморандумға қол қойылды.
Ынтымақтастық бөлім әскерилерін психологиялық қолдау бойынша ғылыми-зерттеушілік, әдістемелік, тәжірибелік іс-шаралар өткізуді көздейді.
Жоспарда бірлескен конференциялар, тренингтер, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу бар.
Меморандум 1 жыл әрекет етеді.
Баспасөз қызметі