С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы (Курчатов қ.) ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.
Тараптар ұзақмерзімді ынтымақтастық үшін ғылыми, оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық әлеуетті біріктіруге ниетті.
Іскерлік әріптестікті бірнеше бағыттар бойынша дамыту жоспарлануда: ғылыми-зерттеушілік және ғылыми-өндірістік қызметтің түрлі салаларындағы ынтымақтастық; тараптардың өзара мүдделі жобалар мен бағдарламаларға бірлесе қатысуы; ғылыми-тәжірибелік конференцияларды және ғылыми семинарларды, дөңгелек үстелдерді және жазғы мектептерді өткізу; ШҚМУ студенттері мен магистранттарын «ҚР ҰЯО» РМК базасында оқу, өндірістік, дипломалды іс-тәжірибе түріндегі кәсіби дайындауды ұйымдастыру.
Қызметтің жалпы түрлері қатарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшін ғылыми зертханаларды ұсыну, дәрістер оқу және практикалық сабақтар мен семинарлар өткізу үшін ғалымдармен алмасу, отандық және халықаралық басылымдарда және басқаларда материалдарды бірлесе жариялау бар.
Шарт 5 жыл бойы әрекет етеді.
Баспасөз қызметі