Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ мен Жетісу мемлекеттік университеті өзара келісімге отырды

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ мен І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (Талдықорған қ.) білім беруді қамтамасыз ету саласында екі жақты келісімге қол қойды.

Келісім бойынша екі жақ бакалавриат және магистратура мамандықтары бойынша білім алып жатқандарға білім беруді қамтамасыз ету саласында бірлесіп жұмыс атқарады. Аталмыш құжат бес жылға құрылған.

Ресми кездесуге Жетісу мемлекеттік университетінен ЖОО өкілі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Н. Әбішев және ШҚМУ-дан проректор И. Ровнякова қатысты.

Тәрбие ісі жөніндегі проректор И.В. Ровнякова Жетісу мемлекеттік университетінің өкіліне екі жақты келісімнің болашағы мен ШҚМУ-дың білім беру бағдарламалары және жобалары туралы айтып, «Назарбаевтану» ҒБО және Біліктілікті растау орталығымен таныстырды.

Айта кету керек, Нұрлан Ақашұлы Әбішев С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың іскер серіктесі ғана емес, 1970 жылы Өскемен педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін тәмамдаған, білім ордасының түлегі.

Баспасөз қызметі  

Қазақ
× You found a Typo