Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ «Менің мамандығым – елімнің гүлденуінің кепілі!» стенд-мобқа қатысуда

ШҚМУ ТжКББ жүйесінің оқу орындары мен жоғары оқу орындарының кәсіби бағдарлық жұмыстарының циклограммасының аясында ШҚО білім басқармасы ұйымдастырған оқушыларға арналған облыс аудандары және қалаларындағы «Менің мамандығым – елімнің гүлденуінің кепілі!» атты стенд-мобқа қатысуда.

Шараны 2017 жылдың 6 қарашасынан бастап 7 желтоқсанына дейін бір ай бойы өткізу жоспарланған.

Шараның мақсаты идеологиялық, үгіт-насихат жұмысы және өзінің мүмкіндіктерімен қабілеттеріне сәйкес қызмет ету саласында таңдау еркіндігі жағдайында оқушылардың кәсіби өзін анықтау болып табылады.

Университеттің бірінші кәсіби бағдаршылары 6 қарашада Зырян қ.- Үлкен Нарын а. – Күршім а. – Көкпекті а. – Қалбатау а. 10 қарашада кәсіби бағдарлық жұмыстың бірінші кезеңі аяқталады. Маршруттың барлық орындарында шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Алған ақпараттан аймақ оқушылары мен кәсіби бағдаршылардың өздері разы болды.

Ай бойы әрі қарай Қасым Қайсенов а., Риддер қ., Глубокое а., Шемонаиха а., сонымен қатар келесі маршрут Курчатов қ. – Бородулиха а. – Бескарағай а. –Қарааул а.; Үржар а. – Аягөз а. – Зайсан қ. – Ақсуат а. бойынша жалғасады.

Маркетинг және ЖОО дейінгі дайындық орталығы

Қазақ
× You found a Typo