Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ Назарбаев университетінің мансаптық вебинарына қатысты

27 наурызда маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының қызметкерлері «Кампуста студенттердің жұмысқа орналасуын ұйымдастыру» атты онлайн вебинарына қатысты.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2019-2020 оқу жылынан бастап Назарбаев университетінің мансап және кәсіптік бағдар беру орталығымен ынтымақтастықты бастады.

Назарбаев университетінің мансап және кәсіптік бағдар беру орталығы студенттердің мансабын жоспарлату және дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу бағдарламасын іске қосты.

Бұл жобаның мақсаты – НУ мансап орталығының үздік тәжірибесімен танысу, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары арасында тәжірибе алмасу, ынтымақтастық алаңын құру.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында университет өкілдері қазан айынан бастап ай сайын студенттердің мансаптық дағдыларын дамыту және жоғары оқу орындарының мансаптық орталықтарының тиімді қызметін ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелерге арналған онлайн вебинарларға қатысуда.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo