Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ Назарбаев университетінің мансаптық вебинарына қатысты

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2019-2020 оқу жылынан Назарбаев университетінің мансап және кәсіби бағдар беру орталығымен ынтымақтастықты бастады.

Назарбаев университетінің мансап және кәсіби бағдар беру орталығы студенттердің мансабын жоспарлау және дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу бағдарламасын іске қосты.

Бұл жобаның мақсаты – НУ мансап орталығының үздік тәжірибесімен танысу, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары арасында тәжірибе алмасу, ынтымақтастық үшін алаң құру.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында университет өкілдері қазаннан бастап ай сайын студенттердің мансаптық дағдыларын дамыту және жоғары оқу орындарының мансаптық орталықтарының тиімді қызметін ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелерге арналған онлайн вебинарларға қатысып жатыр.

22-сәуірде Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының қызметкерлері «Мансаптық кеңес беру» онлайн вебинарына қатысты.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo