Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-нің физика және технологиялар профессоры Вроцлав университетінің ректорымен фортепиано ойынында «күш сынасты»

ШҚМУ-нің физика және технологиялар кафедрасының профессоры Квеглис Л. И. Эразмус+ бағдарламасының гранты бойынша Вроцлав университетінің (Польша) эксперименталды физика институтында дәріс оқыды.

9-13 қаңтар аралығында физика және технологиялар кафедрасының профессоры, физика- математика ғылымдарының докторы Квеглис Л.И. Эразмус+ бағдарламасының гранты бойынша Вроцлав университетінің (Польша) эксперименталды физика институтында дәріс оқыды.

Людмила Иосифовна Квеглистің айтуынша , осы қысқамерзімді тәжірибе көптеген нәтижелер берді.

Біріншіден, ол кісінің айтуынша, ағылшын тілінде дәріс оқу жаңа мүмкіндіктер ашты, ағылшын тілін ары қарай үйренуге ынталандырды, студенттермен белсенді түрде сөйлесу жаңа ғылыми ашылулардың іздестіруіне қуаттандырды.

Вроцлав университетінің ғалымдарымен тілдесу біріккен эксперименталды «Функционалды термо-материалдар және ферро-электриктер» атты зерттеудің тууының басы болды. Ал ғылыми- тәжірибелік конференцияда сөз сөйлеу беймәлім және жаңа шығармашылыққа импульс берді.

Негізгі жұмыстан басқа профессор Квеглис университет ректоры Адам Ежерскимен фортепианода куш сынасуға үлгерді. Еуропадағы ең үздік концерттік залдардың бірі болып танылған «Oratorium Marianum Uniwersytetu Wroclawskiego» мұражайына баруында, Людмила Иосифовнаға рояльда композиция ойнауды ұсынған, профессор Бах, Алкан, Глинки, Рахманинованың фортепианолық шығармашылығынан орындады.

Профессордың бақытты, идеяға толы және оны жүзеге асыруға асық жүзін көруге қуаныштымыз.

Эразмус+ бағдарламасы бойынша қатысуға қызығушылық білдірушілердің барлығына ескертеміз, Порто (Португалия) университеті бағдарламада өтініш беру сайысын ашты. Дедлайн-25 ақпан 2017 жыл

Жан Моне бағдарламасына қатысуға дедлайн - 23 ақпан 2017 жыл.

Барлық сұрақтар жөнінде халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыздар: 24-16-97.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Қазақ
× You found a Typo