Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ –нің студенттері қалалық жастар маслихаты туралы мәліметтер алды

№3,4,5 Студенттер  үйінде тұратын С.Аманжолов атындағы  ШҚМУ-нің  студенттері қалалық жастар маслихаты туралы мәліметтер алды.

Ақпан айының 20-сы күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің студенттері «Жас Отан» ЖҚ бастауыш бөлімі төрағасы Басбақбаев Қ. мен «Серпін» штабы сардары Анас Б. Студенттер үйінде тұратын студенттермен кездесіп, қалалық жастар маслихаты туралы мәліметтермен  таныстырып қайтты. Шараға 150 ден астам студенттер қатысып, ойларымен бөлісті.

Өскемен қаласының жастар саясаты бөлімі қолға алып жатқан қалалық жастар маслихатын құру жайлы көптеген бастамалар көтерілді. Жастар арасында кеңінен таратып, түсіндіру жұмыстары да басталып кетті . Қалалық жастар маслихатына мүшелікке əрбір 15-29 жас аралығындағы Өскемен қаласының азаматы мен азаматшалары қабылдана алады.
Негізгі мақсаты: жастар арасындағы əлеуметтік мəселелерді шешумен жəне де өздерінің мүдделері мен құқықтарын қорғау. Белсенді жастар тəрбиелеп, еліміздің болашағын қолдарына тапсыратын азаматтарды қолдау .

Сонымен қатар, кездесу барысында студенттер өздеріне керекті сұрақтарға  жауап алды .

                                                       Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімі

Қазақ
× You found a Typo