Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ өкілдері бірегей Иннополис қаласында және Иннополис университетінде болды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ делегациясы Қазан қаласындағы екінші күнінде «Иннополис» ерекше экономикалық аймағында болып, Иннополис қаласындағы резидент-компаниялардың әзірлемелерін зерделеді және Иннополис университетінің басшылығымен кездесті.

«Иннополис» ерекше экономикалық аймағы Қазан қаласынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Иннополис – ІТ-мамандар үшін 2015 жылы ашылған алғашқы ресейлік қала. «Ақылды қала» тұжырымдамасы аясында Иннополис тұрғындары жайлы өмір сүру мақсатында инфрақұрылым, бизнес, білім алу, қызмет көрсету және тұрмыстық нысандар салынды. Қазіргі таңда 1200 гектар аумақтағы Иннополисте 3600 адам тұрады.

Иннополис қаласында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген Иннополис университетінде болып, базасымен және әзірлемелерімен танысты.

Иннополис университеті 15 ғылыми-зерттеу зертханасы бар жаңа қаланың жоғары оқу орны.

Университетке сапары кезінде ШҚМУ ректоры оқу орны басшылығымен келешек ынтымақтастықтың ықтимал нұсқаларын талқылады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo